KSA-ға қосылыңыз – кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі болыңыз!
Қазақстан стоматологиялық қауымдастығы туралы
Қазақстан стоматологиялық қауымдастығы (KSA) – еліміздің жетекші кәсіби ұйымы.

1991 жылдан бастап KSA қазақстандық стоматологтарды біріктіріп, олардың мүддесін халықаралық деңгейде қорғайды. Біз Дүниежүзілік стоматологтар федерациясының (FDI) мүшесіміз және АҚШ, Еуропа және Азияның стоматологиялық қауымдастықтарымен әріптестік орнатқанбыз.
Біздің миссиямыз:
Негізгі жетістіктер:
Кәсіби даму
Жетекші мамандардың семинарлары, шеберлік сабақтары және біліктілікті арттыру курстары
Халықаралық ынтымақтастық
Әлемдік стоматологиялық қауымдастықтармен серіктестік орнату және халықаралық жобаларға қатысу.
Құқықтық қолдау және қорғау
Стоматологтардың мүддесін қорғау, кәсіби және құқықтық мәселелерді шешуге көмектесу.
Әлеуметтік жауапкершілік
Халыққа арналған білім беру және қайырымдылық бағдарламаларын ұйымдастыру.
жұмыс тәжірибесі
34 жыл
Халықаралық конгрестер
50+
Цифрлық технологияларды енгізу (CAD/CAM, 3D-диагностика)
CAD/CAM, 3D
оқытылған маман
1000+
Қауымдастықтың басты мақсаттары:
KSA – бұл кәсіби өсуге, тәжірибе алмасуға және стоматологиядағы озық тәжірибелерді енгізуге арналған алаң. Біз Қазақстандағы әрбір стоматологтың заманауи білім, технологиялар және қолдауға қолжетімді болғанын қалаймыз.
01
Стоматологияны дамыту
КСА стоматологтардың кәсіби дайындық деңгейін арттыруға, заманауи технологиялар мен стандарттарды стоматологиялық практикаға енгізуге ықпал етеді.
02
Мамандардың мүддесін қорғау
Қауымдастық стоматологтардың мүдделерін мемлекеттік және халықаралық деңгейде қорғайды, еңбек жағдайларын және кәсіби қызметті жақсартуға көмектеседі.
03
Білім және ғылым
КСА мамандар соңғы жетістіктерді білу үшін конференциялар, конгрестер, семинарлар және біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады.
04
Этика және стандарттар
КСА стоматологиялық практикада этикалық нормалар мен сапа стандарттарын әзірлеп, насихаттайды.
05
Халықаралық ынтымақтастық
Қауымдастық халықаралық стоматологиялық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасуға және әлемдік стандарттарды Қазақстанда енгізуге мүмкіндік береді.
Кәсіби қауымдастықтың бір бөлігі болыңыз!
Қазақстан стоматологиялық қауымдастығына қосылып, эксклюзивті білім беру бағдарламаларына, әріптестердің қолдауына және халықаралық жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болыңыз.
Сертификаттар
Пікірлер
Біздің президенттер
Темирбаев Максут Абуович
М.Ғ.Д., профессор
Рузуддинов Саурбек Рузуддинович
М.Ғ.Д., профессор
Жумадилова Анар Жаксыбаевна
PhD профессор
Оспанова Дана Сейтеновна
М.Ғ.Д., Қызметтегі президент, "Dental City" клиникалар желісінің директоры
Жаубасова Айгуль Жанатовна
М.Ғ.Д., Жоғары санатты дәрігер, жоғары санатты оқытушы
Байгулаков Азамат Турашевич
Дәрігер
Исентаева Эльмира Акниязовна
Дәрігер
Искендирова Кенжегуль Луптывна
М.Ғ.Д., профессор
Іс-шаралар
2025 жылғы 1–3 мамыр аралығында Алматыда Дүниежүзілік Стоматологиялық Федерацияның Еуропалық Өңірлік Ұйымының (ERO FDI) Пленарлық отырысы өтті

2025 жылғы 1–3 мамырда Алматы қаласында Дүниежүзілік Стоматологиялық Федерацияның Еуропалық Өңірлік Ұйымының (ERO FDI) Пленарлық отырысы өтті.
Іс-шараны «Қазақстан Стоматологтар Қауымдастығының» Президенті Дана Сейтенқызы Оспанованың төрағалығымен ұйымдастырылды.

Дүниежүзілік Стоматологиялық Федерация бес географиялық аймаққа бөлінген: Еуропа, Азия, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка.
Қазақстан Стоматологтар Қауымдастығы 1995 жылдан бастап FDI Еуропалық Өңірлік Ұйымының құрамына кіреді.

Алматыға Еуропаның 30 елінен 115 делегат жиналды.

Пленарлық отырыс барысында ERO FDI-дің жаңа Президенті, Италиядан келген доктор Эдоардо Кавалле ресми түрде қызметіне кірісті.
ERO FDI-дің жаңа Президент-Электі болып Румыниялық профессор Паула Перлеа көпшілік дауыспен сайланды.
ERO FDI-дің Бас хатшысы лауазымына Германиядан доктор Дорис Сейз сайланды.
ERO FDI Басқарма мүшелері болып Болгариядан доктор Олег Гладков пен Израильден Ариэль Слутски көпшілік дауыспен сайланды.

Делегаттар ERO FDI-дің бұрынғы Президенті, Словакиядан доктор Симона Дианискова мен бұрынғы Бас хатшысы, Түркиядан доктор Танер Юджельдің еңбегін жоғары бағалады.

ERO FDI Пленарлық отырысы Алматыда жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мұндай ауқымды халықаралық іс-шараға қойылатын барлық талаптарға толық сай өткенін мақтанышпен атап өтеміз!

Instagram-да көру
Біздің қатысуымыз
Біздің серіктестеріміз
Сұрақтар мен жауаптар
Байланыс
РК, г. Астана, ул. Нажмиденова 10/1, НП 10-Б
+7 (701) 773-24-56
Kaz.stom@bk.ru
Жұмыс уақыты ДС-ЖС : 09:00-18:00